ABYROI SCHOOL ORAL мектебі Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 2021 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Мектептің Абырой деп аталуының түпкі мақсаты - бұл оқушыларға сапалы біліммен қатар, өз ортасында абырой мен сыйға, тәлім мен тәрбиеге ие ұлттық құндылықтарды бойларына дарыту.
2021-2025 ж.ж. аралығында мектебімізден жалпы есепте 1777 түлек түлеп ұшты. Оның 121-і - «Алтын белгі» иегерлері. Білім ордамыздан бітіріп шыққан оқушылардың 85 %-ы мемлекеттік грант иегері атанды, Франция, Польша, Германия, Ресей сияқты шет мемлекеттерде білім алып жүрген шәкірттеріміз де аз емес. Оқушыларымыз еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарында , соның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Асфендияров атындағы медициналық университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университеті, Н.С.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Максут Нарыкбаев атындағы университеті (Астана қаласы), Қазақ-Британ техникалық университеті, Азаматтық авиация академиясында және басқа да еліміздегі ең білікті өңірлік жоғары оқу орындарында білім алуда. Шәкірттерміздің алды қазіргі таңда «жас маман» атанып , отан алдында адал қызметтерін атқаруда.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі», - деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай , мектебізде өз ісіне адал, өз шәкірттерін шын жақсы көретін үлкен педогогикалық ұжым қызмет жасауда. Қазіргі таңда мектебізде жалпы есепте 72 ұстаз қызмет етеді. Оның 22-сі педагог-модератор, 6-ы педагог-зерттеуші, 14-і педагог сарапшы. Дәл осындай білікті ұстаздардың арқасында мектебіміз 2023 жылы Республика бойынша “Үздік 100 мектеп” қатарына кірді.
«Білім-жарқын болашаққа қадам ал адал білім беру -абырой» деген сөзді өз ұранына айналдырған ABYROI SCHOOL ORAL мектебі әлі талай уақыт оқу мен тәрбиені, адалдық пен адамдық қасиеттерді бірге алып жүретін АБЫРОЙЛЫ үздік шәкірттерді дайындайды!