Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке – республика күнімен құттықтаймын!🇰🇿
Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. 1990 жылы 25 қазанда қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат.
Осынау ұлы күні, біз, abyroi-лықтар,
2-филиалымыз бастаған ұлы бастама - патриоттық челленджді қабылдай отырып, барша жерлестерімізді республика күнімен құттықтаймыз!🇰🇿
Елге деген құрмет, ұлттық рухымыз әр сәт әр азаматтың бойында болуы тиіс! Ендеше, әр азамат елдің дамуы үшін өз үлесімізді қоса берелік!
@abyroischool_oral2
🇰🇿25 қазан — қазақстан республикасы күні