М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті және «ABYROI SCHOOL» мектебі өзара ынтымақтастық негізінде
2024 жылдың 02 ақпанында сағат 14:00-де Орал қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 10-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті, физика, математика, география, биология, химия, тарих, ағылшын пәндері бойынша «Арғымақ» пәндік олимпиадасын өткізеді.
Олимпиада жеңімпаздары пәндер бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, әр пән бойынша І орын алған оқушыларға 25 000 (жиырма бес мың) ақшалай сыйақы және оқу жеңілдіктерімен марапатталады. Сонымен бірге, қазылар алқасының шешімімен олимпиадада жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.
Қала мектептерінің барша 10-сыныптарын “АРҒЫМАҚТА” күтеміз