500.000 тг ҰТЫС
Жақсы кітап-жан азығы
ABYROI SCHOOL Oral директоры Абылай Асқарұлының атынан, кітап оқу сайысына тігілген 500.000 тг ақшалай ұтыс иесі анықталды
ABYROI SCHOOL ұстаздарының арасында кітап оқу сайысы оздырылды. Берілген кітап Өзбекәлі Жәнібек “Мәдени майдан”. Кітапты толық оқуға тура 30 күн уақыт берілді. Сол кітап желісінде 100 сұрақтан құралған тест дайындалып, ұстаздар аламанға сынға түсті. Тест нәтижесі бойынша 100 сұрақтың 92 сұрағына дұрыс жауап беріп, топты жарып шыққан ABYROI SCHOOL мектебінің тарих пәні мұғалімі Аманат Бекнұрұлы. Аманат ағайымызды шын жүректен құттықтаймыз.
Кітап оқу аламан сайысы өз жалғасын табады. Кезекте ABYROI SCHOOL 2 филиалы.
2-ші орталықтағы әріптестерімізге СӘТТІЛІК