Мейірімділік жүректен
Мейірімсіздік білектен
Бқо су тасқынынан зардап шеккен бірқатар елді мекен, аудан тұрғындарына abyroi school oral мектебі гуманитарлық көмек көрсетті
Зардап шегіп отырған, үй жайлары топан судың астында қалып қойған халықпен тілдесіп, мұң мұқтажына құлақ салып, бір жүздесіп қайттық
Эвакуациялық орталыққа орналасқан тұрғындармен кездесіп, ең қажетті деген тұрмыстық техникаларын, азық-түлік, шаруашылық заттарын жеткізіп, халықтың алғысын алып қайттық🤲🏻
Әрбір жасалған істе ізгіліктің бар екенін есте сақтаған абзал. Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі.
Abyroi school oral мектебі елдің игілігіне, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында қызмет ететінінің тағы да бір жарқын көрінісі
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай🇰🇿