“ұстазым, саған мың алғыс!”
Ұстаздар мерекесі мектебімізде ерекше аталып өтті.
5 қазан күні мектеп парламенті “дублер күнін” өткізіп, ұстаздарының орнына сабақ берді.
Керісінше, ұстаздарымыз шәкірт рөліне еніп, мектеп партасына отырды.
6 қазан күні мерекелік концерт болып өтті. Өнерлі шәкірттеріміздің ән-биіне, әзілді қойылымына көзайым болдық.